2023-2024 жылдары Қазақстан экономикасы өседі - АДБ болжамы

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023-2024 жылдары Қазақстан экономикасы өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы мен ішкі сұраныстың қалпына келуінің арқасында жеделдейді.  Азия даму банкінің (АДБ) жаңа баяндамасындағы болжам осындай.

АДБ жетекші экономикалық басылымы ірі мұнай кен орындарында мұнай өндіру көлемі артқан сайын, былтыр 3,2% болған Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2023 жылы 3,7%-ға дейін, ал 2024 жылы 4,1%-ға дейін өседі деп болжап отыр. Негізгі экспорт шикізат тауарлары бағасының қымбаттауы, инвестицияларға жағдай жасап, іскерлік белсенділікті сақтайтын болады. Алайда Ресейге салынып жатқан санкциялар салдары бұл болжамға ең үлкен қатер төндіріп отыр.

Сарапшылар 2023 жылы 3,4% болған қызмет саласының өсімі 2024 жылы 3,9%-ға жетеді деп болжайды. Оған көлік, сауда, қонақ үй бизнесі салаларының дамуы, Еуропа мен Азия арасында таура айналымыныі арттуы себеп болмақ.

Болжамдарға сәйкес, шикізат тауарларына деген сыртқы сұраныс жоғары болуының арқасында өнеркәсіптің өсімі 2023 жылы 4,7% болады, одан кейін 2024 жылы 4,3%-ға дейін баяулайды.

Ал инфляция 2023 жылы 11,8%-ға дейін біртіндеп төмендеп, әрі қарай 2024 жылы 6,4%-ға дейін төмендейді деген болжам бар, ал бұл – қатаң ақша-несие саясатын көрсетеді және тұрақты валютаны талап етеді.Негізгі азық-түлік экспорты мен бензин бағасын қадағалауға үкімет енгізген шектеулер бағалардың тұрақтылығын сақтап, инфляция деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Сұраныс жайына келсек, болжамдарға сәйкес, инфляцияның төмендеуі нақты кірістердің өсіміне және әлеуметтік қолдауға кететін мемлекеттік шығындар көлемінің артуына әкелуіне қарай тұтыну өсімі 2023 жылы 1,6%-ға дейін және 2024 жылы 2,2%-ға дейін қалпына келеді.

«АДБ қолдауымен Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеті мен әлеуметтік тұтастығының индексі әзірлеп шығарылды. Индекс өңірлердің арасындағы мүмкіндіктер мен бәсекеге қабілеттің айтарлықтай теңсіздігін айғақтайды. Бұл алшақтықты жою үшін әр өңірдің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алатын арнайы шаралар қолдану қажет», – деп атап өтті АДБ Қазақстандағы офисінің басшысы Нариман Маннапбеков.

АДБ пікірінше, мұндай шаралар барлық өңірдің әлеуетін ашу, инклюзив өсімге жағдай жасау және бүкіл елдегі адамдардың тұрмыс сапасын арттыру үшін қажет. Үкімет бағдарламаларды жергілікті қажеттіліктерге бейімдеу және жергілікті билік органдарының институционалдық әлеуетін нығайту үшін басшылыққа алынатын икемді қағидаларды анықтау мәселесін қарастыра алады. Бюджет қаражатын қайта бөлу жүйесі, әсіресе тұрмыс сапасын өзгерту және жергілікті билік органдарын өңірлердің тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға ынталандыру тұрғысынан жетілдіруді қажет етеді.

ҰЭМ 2023 қаңтар-ақпан айларында ел экономикасы 4,3 пайыз өсім көрсеткенін мәлімдеген.

Қазақстанның Ұлттық банкі алдағы үш жылда ЖІӨ болжамын 3,5-4,5 пайызға дейін көтерді. Бұл болжамдар мұнай өндіру мен экспортқа байланысты қайта қаралған.

Сондай-ақ оқыңыз