ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін қысқартатыны қор индекстеріне әсер етті

Жарияланды

Дүйсенбі күні Dow Jones индексі 1%-ға, S&P 500 индексі 0,4%-ға көтерілсе, ал Nasdaq Composite ОПЕК+ мұнай өндіруді қысқартатыны жайлы тосын шешім шығарған соң, 0,3%-ға төмендеді. Өйткені инвесторлар одан әрі инфляцияны бақылауда ұстау үшін ФРЖ ақша-несие саясатын қатайтуы мүмкін деп алаңдаулы. KASE-нің қор нарығына кезекті шолуында кешегі сауда-саттық нәтижесі жазылған.

Ақша нарығы өкілдері қазір ФРЖ мөлшерлемені тағы да 25 базистік пунктке көтеру ықтималдығы 65% дейді.

Кеше Exxon Mobil (5,9%), Chevron (4,1%) және Marathon Oil (9,9%) қоса алғанда, энергетика саласындағы компаниялардың акциялары өсті. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигациялары кірістілігі бұрынғы табыстарын өзгертіп, 3,42%-ға дейін төмендеді. ISM PMI деректеріне сәйкес, АҚШ-тағы өндірістік белсенділік бесінші ай қатарынан төмендеп келеді.

Ал Еуропа қор нарықтары дүйсенбіде әр түрлі мәнде жабылды. Stoxx 600 еш өзгермесе, DAX 0,31%-ға төмендеген. Ал FTSE 100, CAC және FTSE MIB мәні сәл жоғарылады.

ОПЕК+ күтпеген жерден мұнай өндірісін күніне 1 миллион баррельге қысқартатынын жариялаған соң, мұнай мен газ қорлары 4%-ға өсіп, бұл мұнай бағасын бір айдағы ең қымбат деңгейге жеткізіп тастады. Банк секторы 0,5%-ға өсті, ал қалған секторлар қызыл түсте жабылды. Наурызда Еуроаймақтағы өндірістік белсенділік тоғызыншы ай қатарынан төмендеді.

Nikkei 225 индексі сейсенбіде 0,3%-ға көтеріліп, 28 262-ге жетті. Nintendo (2,5%), Hitachi (1,8%) және Nippon Yusen (1,5%) акцияларында айтарлықтай өскен.

Shanghai Composite сейсенбі күні 0,2%-ға көтеріліп, 3300-ден жоғары мәнге ие болды. Security Technology (4,6%), Semiconductor Manufacturing (5,5%) және Unigroup Guoxin (2,4%) сынды компаниядар акциялары қымбаттап, ал Contemporary Amperex (-2,6%), Inspur Electronic (-1,2%) және Talkweb Information (-5,1%) арзандады.

KASE индексі 0,34%-ға өсіп, 3 362,77 тармаққа жетті. Қағаздары биржа тізіміне енгізілген бес компаниянык акциялары сауданы минуспен аяқтады. Лондон қор биржасында Kaspi акцияларының құны 1,3%-ға, $74,5-ке дейін, Халық банкінің ЖДҚ-сы -0,5%-ға, $11,5-ке дейін арзандады. Ал Қазатомөнеркәсіп акцияларының құны алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда өзгермей, $29 құрады.

Мәскеу биржасының индексі дүйсенбіде 0,62%-ға төмендеп, 2 450,67 болды.

Сейсенбі күнгі таңертеңгі сауданың қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы барреліне $85,33, WTI – $80,82 құрады. DXY долларының индексі сейсенбі күні таңертеңгі саудада 102,21 тармақта саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз