Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығын төлемегендерге ескерту жасады

Срок уплаты транспортного налога истек 3 апреля в РК

Фото: shutterstock.com

Көлік салығын уақтылы төлемеген жүргізушілерге салықтан бөлек, өсімпұл есептеледі, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына 2022 жыл үшін салық төлеу мерзімі аяқталғанына байланысты, 4-сәуірден салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіле бастады.

Бір айлық есептік көрсеткіштен (3 450 теңге) артық төленбеген салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап, отыз жұмыс күні өткен соң салық бұйрығы шығарылып, 5 жұмыс күнінен кейін жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі.

«Одан басқа, 4 сәуірден бастап салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі«, деліген хабарламада.

Осылайша, артық шығынға ұшырамас үшін салық бойынша берешек бар болса, салық пен өсімпұлды салық бұйрығын жеке сот орындаушыларына жібергенге дейін төлеп тастаған жөн.

Салықтық берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтердім«e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы (AppStore, PlayMarket) арқылы тексеруге болады: «e-Salyq Azamat»→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізесіз.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталатынын хабарлаған еді.