ҚТЖ Алакөлге қатынайтын пойыздардағы жолаушы орнын арттырады
Жарияланды
Алакөлге баратын пойыздардағы жолаушы орындарының саны 2023 жылы жазғы туристік маусымға өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% өседі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жолаушыларға 276 мыңнан астам орын ұсынылады. Алакөл бағытында жолаушылар пойыздары Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 бағыт бойынша жүруді жалғастырады. Алғаш рет «Астана – Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызы іске қосылады.
Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ әкімдіктермен, авиатасымалдаушылармен және туроператорлармен бірлесіп Шымкент, Павлодар, Өскемен, Қызылорда қалаларынан Алакөлге дейін интермодальдық тасымалдарды (көліктің екі немесе одан да көп түрі) қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруда.