Жаңалықтар

Қызметкерлері пара алу дерегімен ең көп ұсталатын мекеме – Ішкі істер министрлігі

Фото: Kursiv.media

Пара алу дерегімен көп ұсталатын министрліктер қатарында Ішкі істер министрлігі алда тұр екен. Одан кейінгі орында Қаржы министрлігі тұр. Бұл жайлы Оталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.

Мәселен, 2022 жылы Ішік істер министрлігіне қатысты 146 іс қаралса, Қаржы министрлігіне қатысты 44, Ауыл шарушылығы министрлігіне қатысты 13 қылмыстық іс атқарылған.

Сонымен бірге агенттіктің «Бизнеске жол» жобасын қолға алғанына біраз болған. Бұл жобаға сәйкес агенттік кәсіпкерлерлік саласындағы жемқорлық фактілерін анықтап, бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді шешумен айналысады.

Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба аясында 2,5 айдың ішінде 7,2 мың кәсіпкермен кездесу өткізіліп, оның ішінде 600-ге жуық кәсіпкерден шағым келіп түскен. Бүгінде олардың 242-і қанағаттандырылған. Сонымен бірге 6 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қалпына келтіріліп, 47 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Мұндай жұмыстар еліміздің барлық өңірі бойынша жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, еліміздің 5 облысында яғни, Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында білім басқармасының қызметкерлері мониторинг желеуімен жекеменшік мектепке дейінгі мекемелердің қызметін тексеріп отырған. Соңғы 3 жылда 1,5 мыңнан астам мониторинг жүргізген.

«Нәтижесінде, Шымкент қаласында біздің аумақтық бөліммен қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің балабақша қожайындарынан тексеріс жүргізбеу үшін пара алу фактілеріне жүйелі түрде тосқауыл қойылды.Айта кетерлігі, мұндай тексерулерді Кәсіпкерлік кодекс талаптарын ескермей, қазіргі мораторийді айналып өтіп, құзыреті жоқ тұлғалар жүргізген. Біз осындай мониторинг жүргізуге құқық беретін білім басқармалары басшыларының бұйрықтарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударып, әкімшіліктердің бұл мәселені ескеруін сұрадық», дейді агенттік өкілі.

Сонымен қатар 7 өңірдің Білім басқармалары ТОО Kundelik порталында мектеп асханасының иелеріне ас мәзірінің суретін ақылы жариялауды тапсырған. Нәтижесінде 117 кәсіпкер 9 миллион теңге көлемінде ақы төлеген. Ал заң бойынша мектептің ас мәзірінің суреті мектептің интернет ресурстарында тегін жариялануы керек. Агенттік мұндай олқылықтарды болдырмай, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Кәсіпкерлік кодекс негіздеріне «Екі күн ержесін» енгізуді ұсынған.

«Кәсіпкерлер көп жағдайда заңнаманың жиі өзгеретініне шағымданады. Өйткені олардың заңнамаларды үнемі қадағалап отыруға уақыттары жоқ. Мәселен, 7 жылда Кәсіпкерлік кодекске 2016 жылдан бері 96 рет, ал Салық кодексіне 2017 жылдан бастап 50 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Соның салдарынан кәсіпкерлер заңның жаңа талаптарын білмей, заң бұзып, жауапкершілікке тартылу қаупіне ұшырайды. «Екі күн ережесі» – халықаралық тәжірибе. Оның мәні бизнестің мүдделерін қозғайтын жаңа заңнаманың басталуының жалпы мерзімдерін бекітуде жатыр. Бұл шаралар тергеуге зиян келтірместен, кәсіпкерлерді 900-ге жуық тергеу әрекетінен қорғауға мүмкіндік берді», дейді Саян Ахметжанов.