Шағын және орта бизнесті қолдау кешенді жоспары әзірленеді

Жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде орта кәсіпкерлікті ынталандыру жөніндегі кешенді жоспар әзірлейді. Бұл турал үкімер отырысында ҰЭМ министрінің м.а. Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Оның негізгі бағыттары:

  • шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық,  қаржылық емес түрде қолдау шараларын ұсыну;
  • өңірлік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, дамытудағы кедергілерді жою;
  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату;
  • шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көздерін кеңейту болып табылады.

Қуантыровтың айтуынша, салық саясатының жаңа моделі жаңа Салық кодексі шеңберінде іске асырылатын болады. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендіруді оңайлату және цифрландыру шаралары қабылданады.

«Салық жүктемесін әділ бөлуге бағытталған жұмыс шеңберінде саланың басымдығы мен рентабельділігіне қарай қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы ставкаларын саралау мәселесі пысықталатын болады», деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз