Халықтың әділдікке деген үміті азая бастады -Тоқаев

Жарияланды

Фото: Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен кеңес өткізіп, жаңа басшы Асхат Жұмағалиді таныстырды. Жиында Агенттіктің бұрынғы төрағасы Олжас Бектеновке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру керек.

«Жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы, әсіресе, халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі қатаң тәсілді жалғастырған жөн. Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударды, делінген хабарламада.»Жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы, әсіресе, халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі қатаң тәсілді жалғастырған жөн. Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударды, делінген хабарламада.

Президент сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу керек екенін мән берді. Мемлекет басшысының мәліметінше, тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алды. Бұл – оң нәтиже. Бірақ сонымен қатар бұл өткен кезеңдерде жемқорлық қаншалықты белең алғанын көрсетеді.

«Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады. Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды» деді Президент жиында.

Мемлекет басшысы бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлі шешуші екенін айтты. Оның айтуынша, 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері аталған орган көптеген жұмыс атқарды. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастаған.

«Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ оқыңыз