Индонезия туристер үшін жаңа салық енгізгісі келеді

Жарияланды

Индонезия билігі елге келген шетелдік туристер үшін жаңа салық енгізгісі келеді. Индонезияның теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіруші министрі Лухут Бинсар Панджайтан осындай бастама көтерді. Бұл туралы Аntara ақпарат агенттігі хабарлады.

Оның пікірінше, мұндай шараларды енгізу елдегі демалушылар жасаған қылмыстардың санын азайтуға септігін тигізер еді.

Панджайтан Бали әлемдегі ең арзан туристік бағыттардың бірі екенін түсіндірді. Сондықтан аралға жергілікті заңдарды жиі бұзатын табысы төмен шетелдіктер келеді. Ал енгізілетін салық болашақта елге көмектесуі мүмкін. Яғни табысы жақсы, мәдениетті шетелдіктердің саның арттырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз