Әзірбайжанда BP трансұлттық мұнай компаниясы әлемдегі алғашқы қашықтан басқарылатын теңіз платформасын салып жатыр. Бұл туралы BP-нің Әзірбайжан, Грузия және Түркия бойынша аймақтық президенті Гэри Джонс мәлімдеді деп жазады day.az сайты.
Сейсенбі күні Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Гари Джонс Azeri Central East платформасының жоғарғы модульдерін теңізге жіберу рәсіміне қатысты.
«Azeri Central East жобасы – Әзірбайжан-Чираг-Гүнешли серіктестерінің 2017 жылы АЧГ-дағы өндірісті бөлісу туралы келісімін 2049 жылға дейін ұзартқаннан кейінгі ірі инвестициялық шешімі. Құны 6 миллиард долларлық жоба тәулігіне 100 000 баррель мұнай өндіруге қуатты жаңа теңіз платформасын және басқа да қондырғыларды орнатуды қамтиды. Жалпы жобаны іске асыру кезеңінде 300 миллион баррельге дейін мұнай өндіріледі деп болжанған. Бұл BP компаниясының әлемдегі алғашқы қашықтан басқарылатын платформасы», деді Джонс.
Azeri Central East жобасының директоры Нил Филипп Әлиевке қашықтан басқару принципінің бір бөлігі ретінде теңіз платформасынан барлық операцияларды, соның ішінде газ ұңғымаларын пайдалануды, бастапқы бөлу және шикі мұнай мен газды тасымалдауды басқаруға арналған негізгі диспетчерлік кабинет жобаланғанын хабарлады.