Литва «Росатомға» қарсы санкция салуды ұсынды

Жарияланды

Фото: shutterstock.com
Литва билігі Еуропалық Одаққа Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясына қарсы санкция енгізуді ұсынды. Алайда ол Венгрия мүддесіне тиіп кетпеуі тиіс. Сонымен қатар, Вильнюс Еуропа мемлекеттеріне «Росатоммен» арадағы келісімшарттарды кезең-кезеңімен тоқтату мүмкіндігін беруді ұсынып отыр, деп жазады kommersant.ru

«Литваның «Росатомға» қарсы санкциялар бойынша жаңа ұсынысы Венгрия мүддесін ескеруді және қолданыстағы келісім-шарттарды кезең-кезеңімен 2 жылда тоқтатуды қамтиды», деп хабарлады Reuters

Сонымен қатар, Еуроодақ аумағында Росатомның қатысуымен жүзеге асырылатын жаңа жобаларға тыйым салу ұсынылып отыр. Мемлекеттік корпорацияға қарсы санкция салу мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде қашан талқыланатыны көрсетілмеген.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Еуропа Одағы «Росатом» жобаларынан біртіндеп бас тарта бастады. 5 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ресейден келген 200 заңды тұлғаға, соның ішінде Росатом кәсіпорындарына қарсы санкция салды.

Ақпан айында Еуропарламент Росатомды Еуропалық Одақтан шығару мен Ресейден уран импортын тоқтатуды талап ететін қарар қабылдады. Украина Еуропа елдерін 2022 жылдан бастап Ресей мемлекеттік корпорациясына қарсы санкциялар енгізуге шақырды. Еуроодақтағы кеңес кезінде Венгрия бірнеше рет Росатомға қарсы санкция салу шешіміне қарсы шыққан.

Қазақстандық сарапшылар Росатом ЕО санкциясына ілігуіне қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз