YURTA инвестициялық қаржы үйінің акционері ауысты

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Freedom Finance (Freedom Broker) инвестициялық компаниясында жұмыс істеген Сәкен Өсер YURTA инвестициялық қаржы үйінің (бұрынғы ИҚҮ RESMI) жалғыз акционері атанды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады.

«4 сәуірде KASE-де өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының азаматы Сәкен ӨСЕР YURTA инвестициялық үйінің жаңа акционері атанды. Ол компанияның 100 пайыз акциясын қадағалайды» делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Сәкен Өсер – қор нарығында 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәуелсіз кәсіби инвестор. 2018-2022 жылға аралығында ол Freedom Finance-те қызмет атқарды.

Акционері ауысқаннан кейін YURTA инвестициялық үйі жаңа бренд қалыптастырып, қызметке жаңа менеджмент тартады. Компания қызметтерін жақсарту және өз клиенттік базасын кеңейтуге, сондай-ақ клиенттердің, әсіресе ірі корпоративтік және жеке инвесторлардың активтерін тартуға назар аударады. Маркет-мейкер және андеррайтинг қызметі бойынша клиенттік базаны ұлғайту, сондай-ақ ішкі облигациялар нарығында бәсекеге қабілетті позицияға ие болу жоспарланған.

Инвестициялық қаржы үйі 1997 жылы құрылған. Оның акциялары 2007 жылдан бері Қазақстан қор биржасына шығарылған. Бұған дейін компания акцияларын 6 акционер иеленіп келген. 29 пайызы Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2012 жылы Қазақстандағы ең бай адамдарының тізіміне енген Еркін Көшкінбаевқа тиесілі еді. «Республика» қаржылық холдингінің иесі Александр Манаенко – 22,94%, Балжан Түменбаева 22% акцияға ие болды. Қалған 26,05% үлесі SUCCESSFUL INVESTMENT TRUST, PROPERTY RETAIL мен Оспанов А.И иелігінде болды.

2022 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша компанияның жарғылық капиталы 890,5 миллион теңгені, таза табысы 59,3 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыз