Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
Жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді. Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды» делінген шағын ақпаратта.
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жылға тағайындалған болатын.