Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын» делінген Президент жарлығында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған еді.
Асхат Жұмағали бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметін атқарған.