Қазақстан Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутына қол қоймаған – СІМ
Фото: kursiv.media
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев ХҚС Рим статутының өкімі Қазақстанға жүрмейтінін мәлімдеді.
«Рим статуты бізге қолданылмайды, сондықтан мұндай әрекеттерге ешкім үгіттеп жатқан жоқ. Қазақстан Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚК) Рим статутына қол қойған жоқ, сол себепті бұл құжаттың елімізге қатысы жоқ. «Астана осы соттың соңғы шешімдеріне қарамастан, Ресей басшылығының сапарын ұйымдастырудан ешқандай кедергі көріп отырған жоқ», деген министрлік өкілі РИА Новости журналисіне берген жауабында.
Осылайша Гааганың Халықаралық қылмыстық соты шығарған Путинді тұтқындау туралы үкіміне жауап қайтарды.
Естеріңізде болса, Халықаралық қылмыстық сот алқасы 17 наурызда Ресей президенті Владимир Путинді «қамауға» алу туралы бұйрық шығарған болатын.
Ал Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл мәселенің орынсыз екенін, ХҚС шешімінің заңдық негізі жоқ екенін мәлімдеген.
ХҚС юрисдикциясын Қазақстаннан өзге Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Қытай, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия сынды елдер де қабылдамаған.