Босқындардың арасында Сирия, Пәкістан, Египет, Сомали азаматтары бар. Арасында балалар да бар. Олар су мен тамақсыз 4 күн бойы ашық теңізде қалып қойған. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.
Мамандар барлығын аман алып қалды. Бірақ құтқару операциясына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірді. Қазір кезде барлығы Италияға жеткізілді. Мемлекет көші-қон дағдарысынан, зардап шегіп отыр. Жыл басынан бері мұнда 28 мың адам су арқылы заңсыз келген.
Былтыр бұл сан 4 жарым есе аз болған.