2022 жылдың басынан бері 6,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін 6,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз отралығы хабарлады.
2022 жылдың қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс», деп тапсырған болатын.
Соған сәйкес, 2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекетке пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану жөніндегізаңнаманы бұза отырып берілген 6,1 млн гектар қайтарылған. Оның ішінде биыл 695,8 мың гектары мемлекет меншігіне өткен болса, 2,3 млн гектары игеріле бастаған. Ал 2023 жылы қосымша 270 мың гектар жер игеріле бастаған.
Хабарламаға сәйкес, Республика бойынша жер пайдаланушыларға қатысты 4,5 млн гектар алаңда 1907 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексеру нәтижелері бойынша 2,8 млн гектар алаңда жер заңнамасын бұзуға қытысты 1254 нұсқама енгізілді. 201,8 мың гектар алаң бойынша 136 материал сотта қаралып жатыр.
Жыл басында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5,2 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет менішігіне өткенін, алайда қосалқы шаруашылықтарға мал жаю үшін қосымша 8,9 млн гектар жердің қажет боп тұрғанын айтқан болатын.