Франция Президенті Эммануэль Макрон ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті

Жарияланды
Фото: nv.ua

Франция Президенті Эммануэль Макрон ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннен Ресей мен Украина арасында арағайындық жасауды сұрап отыр. Осы мақсата ол Пекинге келді.

«Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығы халықаралық тұрақтылыққа соққы болды. Осы мәселеде келіссөзге келуіне Ресейге ықпал ете аласыз деп сізге үміт арта алатынымды білемін»,  деді Макрон ҚХР төрағасына.

Бұған дейін Қытайға Еуро комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келген еді. Бұған дейін біршама уақыт бойы Батыс елдері мен Қытай арасында бірқатар мәселеге байланысты салқын қарым-қатынас орнаған болатын.

Алайда, Қытайға келген соң БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Макрон Еуропа Қытаймен сауда және дипломатиялық қатынастардың қысқаруына қарсы тұруы тиіс деп мәлімдеді. Кешке Еурокомисия басшысы мен Қытай билігімен үшжақты келіссөздер өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон жақын арада Қытайға барады. Онымен бірге Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен сапарға шығатыны хабарланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз