Тараз қаласының №2 сотында мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына сот үкімі шықты.
Сот қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қатысты қылмыстық істі қарады.
Бұл бапта алаяқтық, яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену әрекеті қарастырылған.
Сотта Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының өсімдік шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болған Ерлан Күлекеевтің, кәсіпкерлер Елжан Елібай, Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың субсидиялау қағидаларын бұзып, мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды.
Олар сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алған, олардың бір бөлігі алаяқтық жолымен ұрланып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
Прокурор қылмыстардың жиынтығы бойынша Дайрабаев пен Молдақалықты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындауды сұрады.
Ал басқарма басшысының орынбасары Ерлан Күлекеевті 6 жылға бас бостандығынан айыру, Елжан Елібайдың мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Айыпталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұрады.
Сот үкімімен басқарма басшысының орынбасары Ерлан Күлекеев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқара алмайды.
Елжан Елібайдың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Екеуі де 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оларға пробациялық бақылау қойылады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына сот үкімі шықты
Сондай-ақ оқыңыз
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Қазақстанның күре жолдарында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылып жатыр
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Кейбір екінші деңгейлі банктер шетелдіктерге карта ашуды тоқтатты
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Kursiv.media сайтының бас редакторы ҚНРДА жанындағы сарапшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Жаңа салық кодексі: енді 1000 теңге үшін есепшотты бұғаттамайды
- Оқу уақыты ~ 4 мин. Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысын Hyundai жүзеге асыруы мүмкін
- Оқу уақыты ~ 9 мин. Әлемдегі ең қымбат көліктер: қанша тұрады, несімен ерекшеленеді?
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Панама Трамптың үстінен БҰҰ-ға шағымданды
- Оқу уақыты ~ 6 мин. Hyundai бренді қазақстандық автокөлік нарығының көшбасшысы атанды
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Зейнетақы қорындағы қаражатқа банктердің облигациялары көптеп сатып алына бастады
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Nokia смартфондар нарығынан біржола кететін болды
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Ұлттық валюта бағамы күрт нығайды. Оған рубльдің әсері бар ма?
- Оқу уақыты ~ 3 мин. 2024 жылы орташа декреттік төлем 1 млн 621 мың теңгені құрады