Ресей экпорттайтын Urals бағасы қымбаттап барады
Urals сұрыпты мұнай бағасы барреліне 60 долларға дейін жетті. Оған Brent сұрпының қымбаттауы мен Үндістан мен Қытайдағы сұраныстың жоғары деңгейде сақталуы себеп болып отыр деп жазады Reuters. Дегенмен, мұнайдың қымбаттауы Ресей валютасының бағамына оң ықпал еткен жоқ. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы нарықтағы маңызды мәселелерге қатысты кезекті сараптамасын жариялады.
Валюта нарығы
Қазақстан қор биржасында шетел валютасымен сауда жасаушылар белсенді, теңгенің одан әрі нығаюына ықпал етіп отыр. Сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, USDKZT бір долларға 446,96 теңгеге дейін төмендеді. Сауда көлемі 161,7 млн доллар болды, жыл басынан бері тәуліктегі орташа көрсеткіш 133,1 млн доллар болған еді. Ұлттық валютаның нығаюына мұнай бағасының күрт қымбаттауы мен Ұлттық қордан бюджетке трансферт мақсатында валюта сату ықпал етті.
Қазақстан қор нарығы
Сәрсенбіде KASE индексі сауда күні жабылар сәтте 0,46%, 3 368,8 пунктке дейін өсті. Негізінен Халық банк (+1,7%), ҚазТрансОйл (+1,9%) және Қазақтелеком (+1,1%) акцияларына сұраныс болды.
Әлемдік нарық
Сәрсенбіде АҚШ-тың негізгі қор индекстері негізінен әлсіз макростатистика аясында және Пасха мерекесіне орай ұзақ демалыс күндері қарсаңында 0,3-1,1% – ға төмендеді. Айта кетейік, ADP есебі АҚШ-тың жеке секторындағы жұмыс орындарының өсу қарқыны күрт баяулағанын көрсетті. Сонымен қатар, іскерлік белсенділіктің композиттік индексі (S&P Global composite PMI) наурыз айында бастапқы бағалау 53,3 пункттен 52,3 пунктке дейін төмендеді.
Мұнай
Brent сәрсенбіде барреліне 84,6 долларға (-0,4%) дейін аздап төмендеді. Мұндай динамика соңғы әлсіз макродеректер аясында Америка экономикасының құлдырау қаупінің артуына байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Reuters агенттігінің хабарлауынша, ресейлік Urals мұнайының бағасы Brent бағасының қымбаттауы және Үндістан мен Қытайдағы жоғары сұраныстан кейін барреліне 60 доллардан асты.
Ресей рублі
Экспорттық мұнай-газ кірістері қанша болатыны әзірге белгісіз болғандықтан және бюджеттік көрсеткіштер нашарлауы деп күтілетіндіктен Ресей рублі сәрсенбіде мұнай бағасы жоғары болғанына қарамастан, сатушылар қысымында қалды. Сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша usdrub жұбы бір доллар үшін 79,84 рубльге дейін өсті (+0,4%). Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Қаржы министрлігі сәуір айында юаньның күнделікті сатылымын бір жарым есе азайтады – бұрын 5,4 миллиард рубльден 3,7 миллиард рубльге дейін. Федералдық бюджеттің алынбаған мұнай-газ кірістерінің жалпы көлемі сәуір айында 113,6 миллиард рубльге бағаланады.