GE Healthcare елімізде УДЗ аппараттары мен компьютерлік томографтар өндірісін ашпақ

Жарияланды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен GE Healthcare компаниясының Ресей және ТМД-дағы бас директоры Елена Легезина кездесті. Тараптар компанияның Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын талқылады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Елена Легезина республикада компания қызметін дамыту үшін үлкен әлеует барын атап өтті. Бұл ретте Қазақстанда УДЗ аппараттары мен компьютерлік томографтар өндірісін локациялау жобасы пысықталуда.

«Біз Қазақстанға тек жоғары технологиялық жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу тәсілдері мен тұжырымдамаларын ұсына аламыз. Сонымен қатар Астана мен Алматы қалаларынан екі академия ашуды жоспарлап отырмыз, мұнда қазақстандық мамандар құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп қана қоймай, емдеудің жаңа әдістерін де меңгере алады», — деді Елена Легезина.

Сонымен қатар GE Healthcare компаниясы республиканың денсаулық сақтау саласын цифрландыруға жәрдемдесуді және медициналық техника сервисін дамытуды жоспарлап отырған.

«GE Healthcare компаниясының әлемдегі жетекші медициналық жабдықтар өндірушілерінің бірі ретіндегі жоғары беделін ескере отырып, біз жаңа жобаларды жүзеге асыруды қолдаймыз және серіктестікті тереңдетуге мүдделіміз», — деді Премьер-Министр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орта мерзімді кезеңге арналған өзара іс-қимыл жоспарларын нақтылауға және бекітуге мүмкіндік беретін ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді пысықтауға келісті.

Сондай-ақ оқыңыз