Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

Жарияланды
Фото: Pixabay.com

Астанада 7 сәуір, жұма күні шахматтан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионатқа қатысушылар мен қонақтарды барлық спорт әуесқойлары үшін осы маңызды шараның басталуымен құттықтады. Құттықтау хатты ҚР МСМ басшысы Асхат Оралов оқыды.

Чемпионат 1 мамырға дейін жалғасады. Әлемнің жетекші шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижен әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады. 17-19 сәуірде «Әлем құрамасынан» рапид пен блиц бойынша қазақстандық шахматшылардың матчтары өтеді.

Министр Қазақстан астанасындағы әлем чемпионаты осы спорт түрін дамытудағы маңызды кезең болатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз