Израильде лаңкестік шабуыл салдарынан бір турист қаза тауып, жеті адам жараланды

Жарияланды
Израиль
Фото: Pixabay.com

Тель-Авивте 7 сәуір, жұма күні кешке жергілікті уақыт бойынша сағат 21:50 шамасында (Астана уақыты бойынша 00:50) террорист автокөлікпен туристер тобына шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан бір турист қаза тауып, жеті адам жараланды, деп хабарлайды Newsru.

Автокөлік Чарльз Клор саябағында серуендеп жүрген туристер тобын қағып кеткен. Осыдан кейін көлік аударылып, жүргізуші қаруды алуға тырысты. Жақын маңдағы полицейлер оқ жаудырды. Басылымның хабарлауынша, кейінірек террорист ойыншық мылтықпен қорқытқаны белгілі болды.

Дәрігерлер бір адам қаза тауып, жеті адам зардап шеккенін хабарлады. Италия СІМ – де шабуыл нәтижесінде итальяндық азамат-36 жастағы Алессандро Парини қайтыс болғанын растады.

Автокөлікте 45 жастағы Юсуф Әбу Джабр болған. Ол Араб тектес Израиль азаматы.

Сондай-ақ оқыңыз