Жаңалықтар

Таразда 3 мыңға жуық тұрғын үйде газ жоқ

Казахстанцам предложат экономить газ

Тараздағы 2681 үй мүлдем газдандырылмаған. Бұл туралы Тараз қаласында 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланған брифингте шаһар басшысының орынбасары Нұрбол Қалдыбаев мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жалпы, жылыту маусымы кезінде тұтынылатын көмірдің көлемі қала аумағындағы газдандырылмаған тұрғын үйлер санына қарай есептеліп отырады. Ал олардың саны бүгінгі таңда – 2681. Әр тұрғын үй орта есеппен 5 тонна көмір пайдаланады деп есептегенде, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында қажетті көмірдің көлемі 13405 тонна»-деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

Ал, жылу желілерін сапалы сығымдау және келесі жылыту маусымына дайындау үшін 30 күн қажет. Дайындық жұмыстары мамыр, маусым айларында басталады деп жоспарланған.

Жылыту маусымы болса, 5 қазаннан басталады.