Жаңалықтар

Канадада 135 адам иіс тиіп уланды

Монреальда аймақтағы жаңбырдан кейін электр қуатынсыз отырған 135 адам иіс тиіп уланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

CBC телеарнасының провинцияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлағанындай, 5 сәуірден бері медициналық мекемелерге иіс тиіп уланған 135 адам жеткізілген. Атап айтқанда, адамдар жылынуға және тамақты өздері дайындауға тырысып, үй ішіндегі көмір немесе газ барбекюлерін пайдаланды.

Квебек және Онтарио провинцияларында салқын жаңбыр сәрсенбі күні жауған. Салдарынан 1 млн астам тұрғын үй мен басқа ғимараттар электр жарығынсыз қалған. Табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына электр энергиясы тек дүйсенбіде беріледі деп шамалануда.