Фото: shutterstock.com
Қытайлық алпауыт Baidu Inc жалған Ernie Bot қолданбасын App Store дүкенінде пайдаланғаны үшін бірнеше қолданба әзірлеуші мен Apple Inc компаниясына қарсы сотқа шағым түсірді.
Baidu өкілдерінің айтуынша, WeChat есептік жазбасында жұма күні жарияланған Ernie Bot-тың ресми қолданбасы электронды дүкендерде жоқ.
«Компанияның ресми хабарландыруына дейінгі App Store дүкенінде немесе басқа дүкендердегі Ernie қолданбасы жалған», деп мәлімдеді компания өкілдері.
Олардың айтуынша, Bot Ernie-ге тек алдын ала өтініш берген және кіру кодтарын алған пайдаланушылар ғана оған қол жеткізе алады. Сол себепті де Baidu компаниясы пайдаланушыларды рұқсат кодтарын сатудан сақтандырды.
«АҚШ-та материалдық емес активтер мен өнертабыстардың жалған немесе қарақшылық көшірмелерін тарату туралы заң өте қатал. Бұл жағдайда Apple өзінің жалған Ernie Bots қосымшасын таратуға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдейтін шығар. Сондай-ақ сот Apple жағында болатыны анық. Қолданба дүкендері арқылы жалған чат-ботқа кіру мүмкіндігін таратқан алаяқтар жауапқа тартылуы мүмкін, бірақ олардың қаншалықты тез табылатыны, тіпті табылуы мүмкін бе? Ешкім болжай алмайды. Baidu компаниясының ADR көрсеткіштері бүгін АҚШ-тың премаркетінде 0,81%-ға төмендеді», дейді Freedom Finance Global-дың жетекші талдаушысы Наталья Милчакова,
Ernie Bot осы жылдың 16 наурызында шығарылды. Бот алғашқы сынақтан өтпей қалған болатын. Бірақ кейінірек, кем-кетігі түзетіліп, ботты пайдаланған алғашқы компаниялардан оң пікірлер келе бастаған.
Қазіргі уақытта App Store дүкенінде қытайлық Ernie боты бар кем дегенде төрт жалған қолданба бар.