Бюджет шығысының артуы, жанармай, тариф құнының өсуі инфляцияға әсер етеді – сарапшылар

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Ел бюджеті шығынының көбеюі (шығын 1,5 трлн теңгеге артты), жанар-жағармайдың қымбаттауы, коммуналдық қызмет тарифінің өсуі – жылдық инфляцияның артуына себеп. Қаржыгерлер қауымдастығының сауалнамасына қатысқан нарық қатысушыларының пікірі осындай.

Жылдық иннфляция 2021 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет 21,3% – дан 18,1% – ға дейін төмендегеніне қарамастан, Тұтыну бағасы индексінің болжамдары жоғары. Сарапшылардың пікірінше, инфляция алдағы 12 айда 14,4%-ға ( бұған дейін 14,3% деп болжаған) өседі.

Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк биылға арналған инфляция болжамын (9-12%) жоғары немесе оның жоғарғы шекарасына жақын қайта қарауы мүмкін.

2023 жылы инфляцияны екі есе төмендету үшін, ТБИ өсімін жыл соңына дейін наурыздағы көрсеткіштен 0,7%-ға дейін баяулату қажет.

Мұнайдың күрт қымбаттауы мен Ұлттық қордағы валютаны үш ай қатарынан сату (ай санынан 500 млн) теңгеге қолдау көрсетеді.

Сауалнамаға қатысушылар USDKZT жұбында 2023 жылдың мамыр айының басында бір доллар үшін 453,8 теңгені құрайды деп болжайды. Ал бір жылдан кейін 474,2 теңгеден саудалануы мүмкін

ОПЕК+ шикізат өндірісін қысқарту туралы ұсынысы рецессия қаупінің артуына байланысты баға ұсыныстарының төмендеуін тежеуі мүмкін. Мұнай бағасы бойынша болжам барреліне 86,1 долларды құрады.

Қымбат мұнай мен қара алтынның көптеп өндірілуі әдеттегідей, ел экономикасын алға сүйрейтін болады. Алдағы 12 айда елдің ЖІӨ өсімі бойынша болжам 3,6% деңгейінде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз