Кейбір мұнай өнімдерін Қазақстан мен ЕАЭО аумағынан тыс жерлерге тасымалдауға тыйым салынды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media


Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге және Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы қол қойыған бұйрық күшіне енді. Құжатқа он күн бұрын сол кездегі Энергетика министрі Болат Ақшолақов қол қойған болатын.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы хаттамаға сәйкес, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойылды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерік қоғамы хабардар етілсін», делінген заңды құжатта.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдері тізбесінің арасында жеңіл дистилляттар, авиакеросиндер және дизель отыны, газойлдар, толуол, мұнай битумы, ксилолдар бар.

Сондай-ақ оқыңыз