Фото: shutterstock.com
Қор нарығына ESG-облигацияларын шығаруға мүддделі көмпанияларға әдіснамалық қолдау көрсетіледі. Осы бағытта «Қазақстан қор биржасы» АҚ мен Green Investment Group өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы KASE-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум ESG-облигацияларын шығаруға мүдделі компанияларға әлемдік ESG-жобаларын құру тәжірибесіне сәйкес әдіснамалық қолдау мен консультация беру, тұрақты даму мәселелерін ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысу және оқытуға жәрдемдесуді көздейді.
«Ынтымақтастық шеңберінде GIG KASE-де облигациялар шығаратын эмитенттер үшін өтеусіз негізде «жасыл»/әлеуметтік/тұрақты облигациялардың бес шығарылымының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне тәуелсіз кепілдік береді.Аталған құжат тек ірі компаниялардың ғана емес, сонымен қатар шағын және орта капиталдандыру компанияларының ESG-облигацияларын шығарып қаржыландыру арқылы Қазақстанда «жасыл», әлеуметтік және тұрақты жобалардың дамуына ықпал ете алады» , делінген хабарламада
Меморандумның мақсаты Қазақстанның қор нарығында орнықты даму қағидаттарын дамыту және енгізу.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) – Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орында және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орында.
GIG – тұрақты даму саласында жұмыс істейтін және стратегиялық жоспарлау, «жасыл» және әлеуметтік қаржыландыру саласындағы жобаларды іске асыратын консалтингілік компания. «Жасыл» қаржы саласындағы үздік консалтингтік компания номинациясы бойынша Green Finance Award 2021 сыйлығының иегері.