Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жартысына жуығы отандық өндіріспен байланысты кәсіп ашқысы келеді

Фото: shutterstock.com

Қазақстандықтардың 45 пайызы отандық тауарларға қатысты бизнеске ие немесе отандық өндіріспен байланысты кәсіп бастағысы келеді. Бұл туралы OLX Kazakhstan сервисі жүргізген сауалнамада жазылған.

OLX Kazakhstan қызметкерлері сервис қызметін пайдаланатын 8900 қазақстандық арасында сауалнама жүргізген. Респонденттердің төрттен бір бөлігі дерлік 10 жылдан бері бизнеспен айналысып келеді. 39%-ының кәсіп бастағанына бір жыл болса, 29%-ынің кәсібіне 5 жыл болған.

Жеке кәсібін дөңгелетіп отырғандардың басым бөлігі құрылыс материалдарын, тұрмыстық заттар немесе азық-түлік өнімдерін өндірумен айналысады. Балалар ойыншықтары, балалар киімі мен косметикаға қатысты кәсіп ашатындардың қатары аз.

Бір жыл бұрын OLX Қазақстан сервисте жаңа опция іске қосқан – мұнда тауар санаттарында «Қазақстанда жасалған» деген белгі пайда болды. Бұл белгі қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін енгізілген. Бір жылдан «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар хабарландырулар саны 650 000-нан асқан.

Қазақстанда жасалған тауарлара арасында ең танымалы – «тамақ-сусын» санаты болған. Бұл санатта жарияланған хабарламалар үлесі 17 пайызды құрайды.

OLX.kz OLX Group тобына кіреді (Әлемнің 5 континентіндегі 45-тен астам елдегі 17 бренд). OLX сервисі бүкіл әлем бойынша өзара тиімді мәмілелер жасау үшін 350 миллионнан астам адамды біріктіреді.