Жанболат Мамайға сот үкімі шықты

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 соты белсенді Жанболат Мамайды шартты түрде алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Белсенді үш қылмыстық бап бойынша:

  • «жалған ақпарат тарату» (274-бап)
  • «билік өкілін қорлау» (378-бап)
  • «тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» (272-бап) айыбы тағылған.

«Сот үкіміне сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде Мамайға шартты түрде, қоғамдық-саяси қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген ақпаратта. Сонымен қатар, ол 6 жыл бойы әлеуметтік желілерде өз пікірін білдіре алмайды.

Ал «билік өкілін қорлау» бабының мерзімі өтіп кеткендіктен, іс тоқтатылған.

«Үкім шығарарда сот сотталушының жеке қасиеттері мен үш кішкентай баласы бар екенін ескерді. Айыптаушы тарап істі ауырлататын талап қоймаған», – деді дереккөз.

Іс материалдарына сәйкес, Мамай 2022 жылдың 4 қаңтарында «Алматы Арена» мұз айдынының маңында заңсыз митингі ұйымдастырып, халықты билікке қарсы шығуға шақырды деп айыпталды.

Сот шешіміз өз күшіне енген жоқ.

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шеру елдік сипат алып, бас қалаларда көтеріліске, оның арты қантөгіске ұласты.

 Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың ресми саны – 232 адам, ал азаптаудан 6 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз