Өзбекстан жаңартылған энергия саласын дамыту үшін шетелден қарыз алды

Жарияланды

Жалпы сомасы 176 млн доллар берешек Дүниежүзілік банк тарапынан мақұлданды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Қаражат ғимараттарға күн панелін орнатуға бағытталып отыр. Көршіміз энергетикалық дағдарысты еңсерудің, осындай амалына кіріскен.

«Бұл мәжбүрлік емес, уақыт талабы», – дейді үкіметтегілер.

Жер-жерде баламалы энергияға көшу ісі қарқын алып жатыр. Өзбекстан билігі осы істің тиімді нәтиже беретініне сенімді. Себебі энергетикалық дағдарыс – елді толғандырып отырған негізгі мәселе. Оның өзектілігі өткен қыс маусымында анық байқалды.

Сондай-ақ оқыңыз