Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақстандықтарға 3 түрлі айып тағылды
Фото: Shutterstock
Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақстандықтарға 3 бірдей айып тағылған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.
2023 жылдың 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылауды өту кезінде Ташкент арқылы барған Қазақстанның екі азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге рұқсат берілмеген.
Содан кейін олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған.
«Алайда түнде қазақстандықтар қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда бір қазақстандық ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық кінәсін мойындап, өз еркімен берілді», – деді Смадияров.
Қазір ол қазақстандықтар Инчхон қаласы Көші-қон орталығындағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
«Оңтүстік Корея заңнамасына сәйкес, тергеу шаралары 3 айға дейін созылуы мүмкін. Іс прокуратураға жіберіледі. Осыған байланысты тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның жауапты органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр. Ұсталған Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Корея заңын бұзу бойынша 3 айып тағылған. Олар: эмиграциялық бақылау туралы заңды бұзу, елде заңсыз болу және әуежайы объектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу», – деді СІМ ресми өкілі.
Айтуынша, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста отыр.