Фото: ҚР СІМ
Қазақстан тарапы Әл-Ақса мешітінде мұсылмандарға жасалған шабуылға алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Қазақстан қасиетті Әл-Ақса мешітінде мұсылмандарға шабуыл жасалуына байланысты және Таяу Шығыстағы шиеленістің өршуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді. Қалыптасқан жағдайда тараптар ұстамдылық танытып, зорлық-зомбылыққа және ахуалдың одан әрі ушығуына әкелетін қадамдардан, сондай-ақ арандату әрекеттерден бас тартады деп үміттенеміз. Осы ретте статус-кво маңызды деп санаймыз», – деді Айбек Смадияров
Қазақстан СІМ қасиетті Рамазан айы мен Песах мейрамы кезінде саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар бұл шиеліністің азайтуға бар күшін салатынына сенім білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль қарулы күштері Әл-Ақса мешітіне шабуыл жасаған болатын.