Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіруде интеллектуалды жүйелер игерілуде
Жарияланды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасындағы теміржол өнімдерінің жаңа өндірісі – Астана қаласында орналасқан «Борт» локомотивінің борттық қозғалысы қауіпсіздігі жүйесі мен МПЦ-QZ микропроцессорлық блоктау жүйесінің дамуын бағалады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» хабарлады.
«Бұл оқиға маңызды кезең және таңдаған жолдың дұрыстығын растау болып табылады. Басты мақсат – елімізге қажетті құзыреттерді шоғырландыру және жоғары технологиялық өнімдерді шығару, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, ал болашақта – халықаралық нарыққа шығу«, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Қотырев.