Жаңалықтар

Екібастұздағы жағдай қайталанбайды – Роман Скляр

Фото: Kursiv.media

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы жылыту маусымына дейін Екібастұздағы жылу желілері толық жөнделетінін айтты.

Министр мен әкімдіктің хабарлауынша, аудит аяқталды. Екібастұз ЖЭО-ға және жылу желілеріне бөлінді. Облыс әкімінің айтуынша, жөндеу жұмыстары толық жүргізіледі. Мен оны қолдаймын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды», – деді ол Үкімет отырысында.

Склярдың айтуынша, мемлекет Екібастұздағы ЖЭО мен жылу желілерін коммуналдық меншікке алған.

«5,3 шақырым жылу желісі қайтадан салынады. Бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізіп, жылумен жабдықтау жүйесін жақсартады», – деді Роман Скляр.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Екібастұз ЖЭО иесі Александр Клебановқа қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

«Клебанов мырза үшін жауап бергім келмейді. Ол өзі үшін айтсын. Біздің міндетіміз — Екібастұз қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз ету. Біз оны заңды түрде орындаймыз», – деп түйіндеді сөзін вице-премьер.

Айта кетейік. Екібастұздағы жылу желілерін жөндеуге 9,6 млрд қарастырылған.