Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады.Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
EGovMobile мобильді қосымшасында жаңа сервис-цифрлық нотариат болады. Ол eGovMobile ұялы қосымшасы арқылы нотариалды түрде куәландырылатын сенімхаттарды онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады.
«Бұл ретте, аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында әзірленгенін атап өткім келеді.
Болашақта мұндай қызмет екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында да пайда болады»,-деді Бағдат Мусин.