Алдымен жаңаөзендік мұнайшылардың позициясын түсінгіміз келеді – Энергетика министрі

Жарияланды
Глава Минэнерго в правительстве

Фото: kursiv.media

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Жаңаөзеннен елордаға келген мұнайшылармен міндетті түрде кездесетінін айтты.

«Кеше Жаңаөзеннен 60 мұнайшы Астанаға келді. Олар Энергетика министрлігінің алдына пикетке шықты. Сол уақытта олардың талабы әртүрлі еді. «Жаңаөзенмұнайгаз» АҚ-ға жұмысқа орналастыру секілді талап айтылды. Олармен диалог орнатылды. Ол жерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері мен Энергетика министрлігінің департамент басшылары болды. Олар жұмысшылармен сөйлескен жоқ. Сыртынан бақылап тұрды… Қазір біз ресми ұстанымызды дайындап жатырмыз…», – деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін.

Министрдің айтуынша, олармен бірнеше кезеңнен тұратын келіссөз жүргізіледі.

«Алдымен мәселенің қайдан шыққанын және олардың түпкілікті позициясын түсінгіміз келеді. Мұның қандай деңгейде шешілетінін түсінуіміз керек. Егер мәселе министр немесе Үкімет деңгейінде шешілетін болса, диалог орнатылады. Диалогты жалғастыру, қызметкерлермен келіссөз жүргізу керек екенін көріп отырмын. Егер менің мұнайшыларменк кездесуім қажет болса, міндетті түрде шығамын», – деді энергетика министрі.

Дүйсенбі күні кешке Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жұмыссыз қалған жаңаөзендіктер жиналды. Олардың талабы – ҚМГ-нің еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» штатына жұмысқа орналастыру еді. Алайда ҚМГ Жаңаөзенде өзге де жұмыссыздар жұмыс күтіп кезекте тұрғандықтан, олардың талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеді.

Айта кету керек, сейсенбі күні Энергетика министрлігінің алдына күні Жаңаөзеннен келіп, түнеп шыққан наразы топтың өкілдерімен ҚазМұнайГаз компаниясында келіссөздер жүріп жатқаны хабарланды. Жиынға журналистердің қатыстырылмайды. Тек, келіссөз қорытындысы жария етілмек.

Сондай-ақ оқыңыз