Илон Маск Қытайда жаңа зауыт ашады

Жарияланды

Илон Маск Қытайда Tesla бөлшектерін шығаратын тағы бір зауыт ашады. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Кәсіпкер нысан құрылысын жыл соңында бастайын деп отыр. Зауыт Шанхайда орналасады. Оның негізгі функциясы Teslа көліктеріне аккумулятор, яғни қуаттандыру аппараттарын өндіру. Жоспар бойынша, модульдік батареялар 2024 жылдың екінші тоқсанында шыға бастайды. Өнім көлемі жыл сайын 10 мың топтама болмақ. Бұл батареяның қуаттылығы сонша, оның 3 мегаваты бір сағатта 3600-ге жуық үйді жарықпен қамтамасыз етуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз