МӨЗ өкілдері: Энергетика министрлігінің бұйрығы 10 мыңдай адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Жарияланды

Фото: автордікі

Алматыда  отандық мұнай өңдеу зауыттарының бір топ өкілі Энергетика министрінің жақында шыққан бұйрығына қатысты наразылықтарын білдіріп, мәлімдеме жасады. Журналистерді жинап мұндай мәлімдеме жасауына аталған ведомствоның  2023 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» № 118 бұйрығы себеп болған. 

 Құрамында «Ақтөбенефтпереработка» ЖШС басшысы Берікжан Дарбеков «Mangystau Oil Refining» МӨЗ өкілі Абдыманап Исабаев,  «Қазақстан заң-кенес» заң консультанттары палаталары қауымдастығының төрағасы Фарид Алиевтер бар сикерлер министрлік аталған бұйрықты шығарар да біздің жағдайымызбен санаспады деп отыр.   

Олардың айтуынша,  бұйрықты орындау аймақтардағы шағын мұнай өңдеу зауыттары үшін бірнеше жағымсыз жағдайларға әкеп соғады.  Ең бастысы осы бұйрықтың салдарынан  елімізде 10 мыңға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін дегенді алға тартты.  Себебі  бүгінгі таңда еліміздің батыс өңірлерінде осындай бірнеше МӨЗ-да 10 мыңға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істеп, нәпақасын тауып отырған көрінеді.

Спикерлердің алғашы уәжі  Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде нафтаға сұраныс іс жүзінде жоқ. Елімізде бұл мұнай өніміне сұраныс жоқ болғандықтан, оны экспорттауға тыйым салу зауыттардағы мұнай өңдеу үдерісін міндетті түрде тоқтатады.

«Нафтаны Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салу зауыттың бүкіл қызметіне кері әсерін тигізеді. Бұл зауыттың толық тоқтап қалуына әкелуі мүмкін. Зауыттың тоқтап қалуы нәтижесінде өнімді шығарудың өндірістік цикліне, оны логистикамен қамтамасыз етуге және оны одан әрі өткізуге қатысатын мердігерлер мен сервистік ұйымдардың жұмысына да  (жеткізушілер, инспекциялық компаниялар, көлік компаниялары, оның ішінде жүк тасымалдау, тиеу терминалдары және т.б.) кері әсерін тигізеді»,-дейді «Ақтөбенефтпереработка» ЖШС басшысы Берікжан Дарбеков.

 Сикердің айтуынша ол басшылық ететін шағын зауытта 137 адам тұрақты жұмыс істейтін көрінеді. Жоғарыда бұйрықтың кесірінен кәсіпорын жұмысын тоқтатқан жағдайда барлық жұмысшылары мен қызметкерлері жұмыссыздық қамытын киуі мүмкін екенін айтты.

 Баспасөз мәслихатына қатысқан тағы бр спикер «Mangystau Oil Refining» МӨЗ өкілі Абдыманап Исабаев Үкіметтің бұл әрекеті өздерінің мемлекет пен жұмысшылары алдынндағы түрлі төлемдерді төлей алмай қалуларына әкеп соқтыратынын айтып отыр. Оның айтуынша мұның арты әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуі де мүмкін деген пікірін алға тартты

«Бұл жағдай біздің контрагенттеріміз алдындағы шарттық міндеттемелерді орындамау, энергиямен жабдықтаушылар мен мемлекетке (салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) жалақы мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша берешектердің қалыптасуына әкелетіні сөзсіз. Сондай-ақ, зауыттағы өндірістің тоқтауы зауыттың өзімен қатар мердігерлік  сервистік ұйымдарда да жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі. Мұндай жағдайлар халық наразылығының туындауы мүмкін. Салдары Маңғыстау облысында жұмыссыздықтың артуына, жалпы әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтырады», дейді Абдыманап Исабаев.

 Сонымен қатар ол өзі қызмеи істейтін зауыттың мойнында едәуір ниесеисі де бар екенін айтып кетті.

«Зауыттың қазіргі уақытта өндірістік қуатын кеңейтуге, сондай-ақ компанияның айналым қаражатын арттыру смақсатында алынған   12 миллиард теңгеден астам несиелік берешегі бар»,дейді«Mangystau Oil Refining» өкілі.

 Оның айтуынша зауыт өткен жылдың өзінде мемлкеттік қазынаға 1,2 миллиард теңге салық төлеген көрінеді.    

БАҚ өкілдері алдында мәлімдеме жасаған мұнайшылар құзырлы органдардан аталған бұйрықтың күшін жоюды талап етіп отырғандарын жеткізді.

«Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, бұйрықпен келіспейтінімізді білдіреміз. және Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге тыйым салу туралы  бұйрықтың күшін жоюды сұраймыз»,-дейді спикерлер.

Сондай-ақ оқыңыз