Депозит, алтын, акция: қаржы құралдарының кірістілігі қандай?

Жарияланды

Қазіргі нарықтағы қаржы құралдарының арасында кірісі жоғары – теңгемен және рубльмен сақталған депозит болып тұр. Ұлттық Банк Қазақстанда қолданыстағы қаржы құралдарының 2022 жылғы номиналды кірістілігін талдаған.

Қаржы құралдары әртүрлі валютада (теңге, АҚШ доллары, еуро мен Ресей рублінде), алтын мен қолма-қол валютада  сақталған банк депозиттері түрінде салыстырылды. Қазақстандық компаниялардың акциялар нарығы да балама ретінде қарастырылған.

Талдау аясында салымшы 2022 жылдың басында нарықтағы әртүрлі құралдарға 10 000 теңге көлемінде қаражат салды деген болжам жасалған.

Салыстыру үшін ай сайынғы капиталдандырумен 12 айлық тарту мерзімі бар жинақ депозиттер қаралған. Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары кірістілік 2022 жылғы желтоқсанда 13,9%-ға дейін жетті.

Жоғары сыйақы мөлшерлемесіне байланысты теңгелік жинақ депозиті 13,9% көлемінде табыс әкеледі.

Ауқымды кіріс пен теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы өзгеруін ескере отырып, ақшаны доллар депозитіне 7,9%-дық кіріс әкелді. Бұл деректер бағамдық өзгерістерге байланысты – 2022 жылы теңге АҚШ долларына қатысты 431,67-ден 460,98-ге дейін әлсіреді.

Рубльдегі салымдар 12,6%-дық кіріс беруі тиіс Бұл теңгедегі жинақ депозитінің кірістілігінен 1,1 есе аз.

Алтынға салынған инвестицияның әлеуетті қайтарымы 7,2% болды. Бағалы металдың бағасы нарықтағы құбылмалылыққа әсер еткен геосаяси және экономикалық оқиғаларға байланысты тұрақты активтерге жоғары нарықтық сұраныс жағдайында 2022 жылы 1 грамм үшін 24 970,91 теңгеден 26 757,56 теңгеге дейін өсті.

Ал азақстандық компаниялардың акцияларына салынған салымдар тауар-шикізат нарығының (мұнай мен уран) баяу өсімі аясында 2022 жылы KASE биржасында (-)11,5% және AIX биржасында (-)15,0% деңгейінде теріс кірісті көрсеткен,

Жалпы, 2022 жыл ішінде әлемдік акциялар нарығындағы коррекциядан инвесторлардың тәуекел дәрежесі төмендегені байқалды. S&P 500 индексіне салынған салым 11,0% мөлшерінде шығын әкелді (валюталық баламасында бір жыл ішінде 19,4%-ға төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз