Dow Jones пен S&P 500 индекстері 0,3-0,4%-ға қымбаттады

Жарияланды

Фото: www.shutterstock.com

Dow Jones индексі мен S&P 500 индексі дүйсенбі күнгі сауда-саттықта 0,3-0,4 пайыз көтерілді. Ал Nasdaq сәл төмен жабылды. Инвесторлар инфляция туралы мәліметтерді күтіп отыр деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Инвесторлар бір жағы макроэкономикалық статистика мен корпоративті есепке толы аптаға дайындалып, бір жағынан сол есептерді күтіп отыр. АҚШ-тың наурыз айындағы инфляциясы туралы мәліметтер сәрсенбі күні жарияланбақ. Ал бейсенбіде өндірушілердің бағасы туралы деректер белгілі болса, жұма күні бөлшек сауда есебі жарыққа шықпақ,

Сондай-ақ жұма күні бірінші тоқсандағы корпоративті есеп беру маусымы басталады. Уолл-стриттің жетекші банктері JPMorgan Chase, Citigroup және Wells Fargo (SPB: WFC) өздерінің қаржы нәтижелерін жариялайды.

Сонымен қатар, нарық қатысушылары өткен аптаның соңында жарияланған еңбек нарығына қатысты статистикалық мәліметтерге реакция білдіріп жатыр.

Өткен жұмада белгілі болғандай, АҚШ экономикасында наурыз айындағы жұмыс орындары 236 мыңға артып, жұмыссыздық ақпандағы 3,6 пайыздан 3,5 пайызға төмендеген. Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар орта есеппен наурыз айында жұмыс орындарының саны 230 мыңға артады және жұмыссыздық бірдей деңгейде болады деп болжаған.

First Republic Bank бағалы қағаздары артықшылығы бар акциялар бойынша тоқсан сайынғы дивиденд төлеуді тоқтататыны жайлы хабарлағанына қарамастан, 1%-ға қымбаттады. Аталмыш банк Silicon Valley банкі күйрегеннен кейін, наурыз айында қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеуді тоқтатты. Ал бұл клиенттердің өз депозиттеріндегі қаржысын шешіп алуына себеп болды.

Exxon Mobil капитализациясы 0,4%-ға төмендеді. Wall Street Journal ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Exxon компаниясының Pioneer Natural Resources Co компаниясымен алдын ала келіссөз жүргізгенін жазды.

McDonald’s Corp бағасы фаст-фуд желісі жүздеген жұмыс орынын қысқартуы мүмкін деген қауесеттерге байланысты 0,3%-ға өсті. ABC7 хабарлауынша, қысқартуға негізінен кеңсе қызметкерлері ұшырамақ.

Tesla акциялары компания шығаратын көліктерінің бағасын тағы да арзандатқаннан кейін 0,3% құлдырады.

Micron Technology микрочип өндірушісінің нарықтық құны оған бәсекелес Samsung Electronics жад микросхемаларын өндіруді қысқартатынын жариялаған соң, 8%-ға өсті.

Пластикалық ыдыс өндіруші Tupperware Brands Corp акциялары. 49%-ға құлдырады. Компания жаңа қаржыландыру мен өтімділік мәселелеріндегі қиындықтар туралы хабарлады. Басшылық жаңа қаражат көздерін іздестіріп, әлеуетті инвесторлармен әртүрлі нұсқаны талқылап жатыр.

Dow Jones Industrial Average 101,23 тармаққа (0,3%) көтеріліп, 33 586,52 тармақты құрады. Apple Inc акциялары индекс құлдырауының көш басында тұрып, 1,6%-ға төмендеді, Caterpillar акциялары 3%-ға өсті.

Standard & Poor’s 500 4109,11 тармаққа дейін көтерілді.

Nasdaq Composite 3,6 ұпай (0,03%) жоғалтып, 12 084,36 тармаққа жетті.

Қазақстан қор биржасының хабарлауынша, дүйсенбі күні KASE индексінің мәні 0,34%-ға өсіп, 3 448,66 тармақты құрады. Индекс тізіміндегі акциялар арасында мәмілелердің басым бөлігі «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 1 147. Құндық мәнде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларына тең келері болмады – 2 360,9 млн теңге. Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» (+1,37%). , «Кселл» АҚ (+1,36%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,29%), «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ (+1,13%), «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ (+0,11%) және «KEGOC» АҚ (+0,06%) акциялары көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз