ЕАДБ алдағы үш жылда жаңартылатын энергия жобаларына $600 млн инвестиция салмақ

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Еуразиялық даму банкі алдағы үш жылда жаңартылатын энергия жобаларына 600 миллион АҚШ долларын инвестициялайды. Бұл туралы ЕАДБ Тұрақты даму дирекциясының басшысы Альбрехт Конрад Женевада өткен БҰҰ ЕЭК Тұрақты даму мақсаттары бойынша аймақтық форумында мәлімдеді.

«Аймақтың салалық динамикасы мен нормативтік базасы туралы бірегей түсінігімен, институционалдық және бизнес көшбасшыларымен тікелей байланыстарымен, салалық тәжірибемен және дәлелденген тәжірибесімен Еуразия аймағында үлкен капитал ағындарын тартуға және жасыл экономикаға көшуге ықпал ете отырып Банк жаңа аймақтық энергетикалық жобаларды дамытуда жетекші және басқаруда маңызды рөл атқара алады», – деп атап өтті Альбрехт Конрад.

Оның айтуынша аймақтық даму банктері техникалық көмек пен ғылыми сараптаманың маңызды массасын ұсына алады, сонымен қатар ірі қаржылық ойыншылардың назарына алынбаған жобаларды қаржыландыруды жеделдете алады. Сондай-ақ ол өңірлік даму банктерінің шағын және орта энергетикалық жобалардың тартымдылығын арттыру және кейіннен жүзеге асыруда салыстырмалы артықшылығы бар екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта Банк «Орталық Азияның су-энергетикалық кешені» инвестициялық мегажобасын жүзеге асырып жатыр. Ол аналитикалық және сараптамалық бағалауға және ЖЭК кешенді дамытудың ең тиімді жолдарын болжауға негізделген.Банк талдаушылары бірқатар зерттеулер жүргізді, олардың нәтижелері жайлы «Орталық Азияның су-энергетикалық кешеніне инвестициялар» және «Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін реттеу» баяндамаларында айтылған.

Тұрақты даму мақсаттары бойынша БҰҰ ЕЭК Аймақтық форумы БҰҰ ЕЭК мүше мемлекеттері үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, жеке сектордың және академиялық ортаның өкілдерін Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы ілгерілеуді сақтау және жеделдету бойынша идеялармен және біліммен алмасу үшін өткізіледі.

Бұған дейін ЕАДБ Орталық Азияның су-энергетика кешеніне 400 млн доллар салуға дайын екеіні хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз