Жыл басынан бері KASE-дегі сауда-саттық көлемі 18,4 пайызға өсті

Жарияланды

Фото:kursiv.media

2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда-саттық көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 18,4%-ға немесе 11,12 трлн теңгеге өсіп, 71,5 трлн теңгені құрады. Бүгін KASE 2023 жыл І тоқсан қорытындысын шығарды.

Қор нарығындағы сауда көлемі 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2,2 есеге немесе 34,5 млрд теңгеге өсіп, 62,9 млрд теңгені құрады.Нарықтық капиталдандыру 21,6 трлн теңгеге жетті. Бұған KASE тізіміндегі акциялар бағасының өсуі ықпал етті. Наурыз айының соңындағы жағдай бойынша қор биржасының сауда-саттық тізімінде 88 эмитенттің 102 бағалы қағазы бар.

2023 жылғы қаңтар-наурызда KASE индексіне енгізілген акциялармен жасалған мәміле көлемі 55,8 млрд теңгені құраған Бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен үштен екі немесе 38,1 млрд теңгеге жоғары. Негізгі сома «ҚазМұнайГаздың» жай акцияларына түсті – 45,4 млрд теңге. KASE индексіне енгізілген қаржы секторы компанияларының акциялары өсім көш басында тұр. Ең көп құлдыраған мұнай-газ және энергетика секторы компанияларының бағалы қағаздары.

Халық банкінің акциялары қаңтар-наурызда 8,2%-ға қымбаттады. Бір акция құны 138,86 теңгені құрады, бұл – 2022 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары көрсеткіш. BankCenterCredit акцияларының бағасы 6,3%-ға өссе, Kaspi.kz акциялары 4,5%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз