Жетісу облысында бір апта ішінде 35 адам кене шағудан зардап шекті

Жарияланды

Жетісу облысында сәуір айының басында кене шағудан зардап шеккен 35 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның 16 – сы балалар. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымдық кезеңі басталған кезде апта сайын мониторинг жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Бірінші апталық мониторингке сәйкес (31 наурыздан 6 сәуірге дейін) облыста кене шағып алғаннан кейін 35 адам медициналық көмекке жүгінген, оның 16 – сы 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылмен салыстырғанда кене шағуымен медициналық көмекке жүгінгендер саны 9 жағдайға (2022 жылы – 26 жағдай) өсті», – деді спикер.

Сондай-ақ оқыңыз