Ерлан Қошанов: Бұл – экономикалық дау

Жарияланды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордаға келген маңғыстаулықтарға қатысты осылай деп мәлімдеді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған мұнайшыларға Amanat партиясының өкілдері шықпағанына қатысты сұраққа жауап берді.

«Сіз партияның өкілі ретінде неге жиналғандарға шықпадыңыз? Неліктен оларға партиядан сайланған депутаттар бармады?», деп сұрады журналист.

«Менің ойымша, мемлекеттік органдар тарапынан тиісті түсініктеме берілді. Шығуы керек адамдар барды. Ал барлық осы мәселемен біз де айналысып жатырмыз. (…) Барлығы заңнамаға сәйкес болды, адамдар келді, олармен тиісті мамандар жұмыс істеді, тиісті квазимемлекеттік органдардың өкілі сөйлесті. Жұмыс беруші мен тендер өткізген квазимемлекеттік орган арасында жанжал туындаған. Бұл – экономикалық дау», – деді Қошанов.

Айта кетейік, Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Астанада наразылыққа шыққан «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кеткенін айтты. Ведомсто өкілінің айтуынша, митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз