Dow Jones индексі өсіп жатыр
Фото: kursiv.media
Сейсенбі күнгі сауда-саттықта Dow Jones индексі 0,29%-ға көтерілді. Ал S&P 500 индексі өзгеріссіз қалса, ал Nasdaq Composite 0,43%-ға төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының шолуына жазылған.
S&P индексіндегі 11 сектордың тоғызы жоғары көтерілсе, технологиялық компаниялар акциялары нарық соңында қалды. Coinbase Global (+6,1%), Marathon Digital Holdings (+12,4%) және Riot Platforms (+17%) компанияларының криптовалютаға қатысты акциялары биткоин 30 000 долларға жеткен кезде айтарлықтай өсім көрсетті. CarMax акциялары жақсы тоқсандық нәтижесін жариялағаннан кейін 9,6% өсті. Тұмауға қарсы вакцина туралы жағымсыз деректерден соң Moderna акциялары 3% төмендеді.
Германияның DAX индексі сейсенбіде 0,4%-ға көтеріліп, Халықаралық валюта қорының есебінен кейін, 2022 жылдың қаңтарынан бергі ең жоғары деңгейіне жетті. Glencore акциялары Teck Resources-ті сатып алу мүмкіндігі туралы хабарламадан кейін шамамен 3% қымбаттады.
Nikkei 225 индексі сәрсенбіде 0,6%-ға көтеріліп, 28 084 тармақтан жоғары болды. Сәрсенбіде бүкіл дерлік секторы жасыл түске «боялды». Nippon Yusen (1,8%), SoftBank Group (1,5%), Nippon Steel (1,4%), Mitsubishi Corp (1,3%) және Nintendo (1%) өсті.
Shanghai Composite сәрсенбі күнгі саудада 0,5%-ға көтеріліп, 3,329-дан жоғырлады. Қытайдағы тұтыну инфляциясы наурыз айында күтпеген жерден баяулап, ал өндіру инфляциясы соңғы үш жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. Инфляция деректері сұраныстың әлі де әлсіз екенін көрсетеді, дегемен ақша-несие саясаты жұмсарады деген үміт сыйлайды. Inspur Electronic (7,6%), Wingtech Technology (3,3%) және Goertek (5,5%) сияқты ірі компанияларда айтарлықтай өсім байқалды. Kweichow Moutai (-2,1%), 360 Security Technology (-0,6%) және Kunlun Tech (-0,4%) акциялары күрт төмендеді.
Мәскеу биржасының индексі сейсенбіде 0,54%-ға төмендеп, 2 533,69 болды.
KASE индексі 0,05%-ға төмендеп, 3 446,86 тармақты құрады. Қағаздары биржа индексіне енгізілген бес компанияның акцияларының саудасы оңынан аяқталды.