Жаңаөзендік мұнайшылар елге қайтты. Келіссөзді 10 адам жалғастырмақ

Жарияланды
нефтяники
Фото: Аскар Ахметуллин

Елордаға тұрақты жұмыс талап етіп келген жаңаөзендік мұнайшылар елге қайтты. Әлеуметтік желілерде өздерін қолдаған халыққа алғыс білдіріп, өздерінің аман-есен екендерін айтқан видеоүндеуі жарияланды.

Видеоүндеуде Астана теміржол вокзалының алдында тұрған бір топ мұнайшы Маңғыстауға қайтып бара жатқандарын, келіссөзге оншақты өкілі қалатынын айтады. Жаңаөзендіктер істің оң шешілетінен үмітті.

10 сәуір Жаңаөзен мұнайшылары елордаға келіп, Энергетика министрлігінің алдына жиналған. Оларды басты талабы – тұрақты жұмыс және лайықты жалақы болды. Алайда ҚМГ Жаңаөзенде өзге де жұмыссыздар жұмыс күтіп кезекте тұрғандықтан, олардың талабын орындау мүмкін емес деп мәлімдеген еді. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «керек болса, мұнайшылардың алдына шығатынын» айтты.

11 сәуір ҚМГ мен бір топ мұнайшылар келіссөз жүргізіп көргенімен, ол нәтижесіз болды. Олар өздеріне тұрақты жұмыс керек екенін айтып, компания ұсынысынан бас тартты.

Кеше кешке бейбіт тұрған мұнайшыларды арнайы жасақ автозагқа тиеп алып, полиция бөлімшелеріне жеткізді. Түнде Мағыстау, Ақтау облыстары орталықтарының, Жаңаөзен қаласының тұрғындары, ірі мұнай кеніштерінің қызметкерлері ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етіп, көшеге шықты.

ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі бүгін құқық қорғау органдары ұстаған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кеткенін хабалады.

«ҚМГ байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады», делінен хабарламада.


Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз