Қазақстан азаматтары Қытайда Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн визасыз бола алады. Осыған ұқсас ережелер Қазақстанға келетін ҚХР азаматтары үшін де қолданылады. Тиісті қаулыны ҚР Сыртқы істер министрлігі әзірледі.
Қаулыға сәйкес, сапарлаушы азаматтар 30 күндік визасыз режим аясында екінші елге 180 күннің ішінде 90 күннен артық бола алмайды.
Егер Қазақстан немесе Қытай азаматтары көрші елдерде көрсетілген кезеңнен ұзағырақ болуды жоспарласа, олар шекарадан өткенге дейін виза алуға өтініш білдіруі тиіс.
Келісімге қол қою ағымдағы жылдың мамыр айында, ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайға сапары кезінде өтеді. Құжаттың мәтіні «Ашық НҚА» порталында жарияланды және 26 сәуірге дейін талқыланатын болады.