Жаңалықтар

Қазақстан онлайн сервистері бойынша 8 орында тұр

Фото: kursiv.media

Бүгін eGov порталының ашылғанына 17 жыл толды. Осы атаулы күнге тұспа-тұс «Цифрлық нотариат» онлайн сервисі іске қосылды. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде жиын өтіп, сарапшылар порталдың 17 жылдық жұмысына қатысты есеп берді.

Портал құрылған 17 жылдан бері ауқымды жұмыстар атқарылған. 2006 жылдың 12 сәуірінде іске қосылған электронды үкімет порталының қызметтерін бүгінде 14 миллион азамат тұтынады екен. Осы уақытқа дейін онлайн сервисте 400 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Порталда 628 қызмет пен сервис түрлері бар. Соның ішінде мемлекеттік қызметтің 92 пайызы автоматтандырылған. Қазақстанның электронды порталы өткен жылы БҰҰ рейтингінде 28 орынды иеленген. Ал онлайн сервистері әлем бойынша 8 орынға шығып, үздік ондыққа енген.

Ал «Цифрлық наториат» қызметіне келер болсақ, Қазақстан азамттары енді нотриустан алатын сенімхаттарды онлайн форматта, үйден шықпай ала алады.

«Бұл біз үшін үлкен бастама. Мұндай заманауи жобаны іске асырған алғашқы мемлекеттің біріміз. Онлайн түрде сенімхат алу оңай. eGov қосымшасынң басты бетінде «Цифрлық наториат» деген жоба тұрады. Оған биометрия арқылы тіркеліп, керек сенімхатыңызды, нотариусқа видеоқоңырау шалу арқылы аласыз. Сервмһис қосылған жарты күнде азаматтар 30 сенімхат алып үлгерді. Алдағы уақытта дәл осылайша Жақын арада лицензия алуды цифрландыруды іске қосамыз. Яғни адвокаттар енді лицензияны тест сервистері арқылы тестілеуден өту арқылы алады», дейді ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов цифрандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын, енді онлайн қызметтердің проактивті форматына көшіп жатқанын айтты.

«Жылдан-жылға мемллекеттік органдардың қызметі электронды форматқа көшіп жатыр. Бүгінгі таңда адам туғаннан дүниеден озғанға дейін оған 45 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Біздіңминистрлік тарапынан 2022 жылы портал арқылы 13,8 млн мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, оның 11,2 млн электронды форматта атқарылған. Қазіргі таңда проактивті форматта қызмет көрсету жолға қойылып келеді. Бүгінде 1,1 млн азаматымыз өзіне керекті қызмет түрлерін проактивті форматта алды. Ал 2023 жылы бірнеше қызмет түрлерін проактивті форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Мүгедектікті растайтын үрдістер жеңілдейді», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.