Жаңалықтар

Шымкент пен Үндістанның астанасы арасында жаңа әуе бағыты ашылады

самолет
Фото: Pixabay.com

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ИИДМ хабарлады.

Осыған орай алғаш рет Шымкент – Дели – Шымкент жаңа әуе бағыты ашылады.

Рейстерді «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) 2023 жылғы 22 мамырдан бастап «Airbus-320» үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 2 рет жиілікпен орындайды.
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе қатынасының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Бір жақты билет құны – 51 755 теңгеден басталады.